Мемлекет басшысын осы жерде Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды.
ТМҰ-ға мүше елдер делегацияларының басшылары Әзірбайжан басшысымен бірге Шуша қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.
Шуша «Қарабақ жаухары», «Кавказ өнер орталығы» және «Әзербайжан музыкасының бесігі» ретінде танымал. Қала бірқатар белгілі ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері мекені. 2021 жылдан бастап Шуша Әзірбайжанның мәдени астанасы саналады, ал 2023 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланған.
Биыл Хиуа қаласы мен Шуша қаласы арасында бауырластық байланыстар орнады.
Жоғары мәртебелі меймандар Шушада отыз екі жылда алғаш рет бой көтерген тұрғын үй кешенін аралады. 23 ғимараттан тұратын тұрғын үй кешенінің жалпы ауданы шамамен 8 гектарды құрайды.
Бұдан кейін басшылар 2021 жылы ірге тасы қаланған заманауи жаңа мешіттің жобасы және оның құрылыс барысымен танысты.
Әзербайжан басшысы қонақтарға қаланың инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып берді.
Президенттер сонымен қатар ХIХ ғасырда Шушада салынған алғашқы мешіт – Гавхар Аға мешітін зиярат етті. Қонақтар мұнда жүргізілген қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесін жоғары бағалады.
Өзбекстан Президентінің Әзірбайжанға жұмыс сапары жалғасуда. ТМҰ бейресми саммитінің негізгі шаралары ертең, 6 шілдеде өтеді.