Сұхбат басында Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовті туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт пен толағай табыс, ал бауырлас түркімен халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі.
Оның бүгінгі Түркіменстанның дамуына, елдеріміз арасындағы достықты, тату көршілік пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі ерекше атап өтілді.
Өзбекстан мен Түркіменстан басшылары бір-бірін Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтады. Өзбекстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовті жаңа Арқадаг қаласының ресми ашылуымен құттықтады.
Телефон арқылы сөйлесу барысында екі ел арасында сауда, инвестиция, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. Барлық деңгейдегі тиімді диалогтар, өңіраралық және мәдени-гуманитарлық алмасулар жандана түскені атап өтілді.
Өңірлік ынтымақтастықтың өзекті аспектілері қарастырылды.