Шавкат Мирзияев Абу-Даби Әмірлігінің мұрагер ханзадасымен телефон арқылы сөйлесті

    Билік 30 Avgust 2021 4336

    30 тамызда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Абу-Даби Әмірлігінің мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед Әл-Нахайанмен телефон арқылы сөйлесті.

    Абу -Дабидің мұрагер ханзадасы Әмірлік халқының атынан достас Өзбекстан Президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтап, өркендеу, үлкен жеңістер мен тұрақты дамуды тіледі.

    Тараптар 2019 жылдың наурызында Біріккен Араб Әмірліктеріне жоғары деңгейдегі сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде жүргізілген жұмыстың практикалық нәтижелерін атап өтті.

    Күні кеше «Masdar» компаниясымен бірге Өзбекстанда қуаты 100 МВт болатын бірінші күн фотоэлектр станциясы іске қосылды. Сонымен қатар, энергетика саласында тағы алты ірі жоба жүзеге асырылуда. Әр түрлі секторларда құны 5 миллиард доллар болатын 15 инвестициялық жобаны ілгерілету бойынша жұмыс жүргізілуде.

    Басқару саласында кадрларды, ақпараттық технологиялар мамандарын даярлаудың бірқатар маңызды бағдарламалары, гуманитарлық алмасу жобалары жүзеге асырылуда.

    Сұхбат барысында тараптар Ауғанстандағы жағдайдың дамуы туралы пікір алмасты. Аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша белсенді диалогты жалғастыру келісілді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates