Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Самарқандтағы Конгресс орталығындағы бақта емен ағашын отырғызды.

Бұл рәсім Өзбекстан мен Иордания байланысында жаңа дәуірдің басталғанын, сондай-ақ көшбасшылардың халықтарымыз арасындағы достықты нығайтуға ұмтылысын бейнелейтін символға айналды.