«Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолын салу туралы келісімге қол қою рәсімі өтті

    Билік 6 Iyun 2024 1970

    6 маусым күні Бейжің қаласында «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолын салу жөніндегі стратегиялық жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев шараға қатысушыларға бейне үндеу жолдады. Келісімге қол қою рәсіміне байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров та өз үндеулерін жолдады.

    Мемлекет басшысы бұл маңызды инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асырудың басталуы кең байтақ өңіріміздегі экономикалық және көліктік байланысты нығайтуға бағытталған тарихи оқиға екенін атап өтті.

    – Бұл темір жол Қытайды біздің өңірмен байланыстыратын құрлықтағы ең қысқа жолға айналады. Болашақта бұл жол елдерімізге перспективалы Трансауған дәлізі арқылы Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыстың кең нарықтарына шығуға мүмкіндік береді, деді Мемлекет басшысы.

    Жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын экономикалық тиімділік жаңа кәсіпорындар мен ондаған мың жұмыс орындарының пайда болуы, өзара сауда көлемін екі есеге арттыру, өндірістік кооперацияны кеңейту, инвестициялық тартымдылықтың өсуі және ең бастысы , халықтың өмір сүру деңгейінің артуына септігі тиеді.

    Келісімге сәйкес, «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолы Қашғар-Торугарт-Мақмал-Жалалабад-Әндіжан бағыты бойынша өтеді.

    Мамандардың айтуынша, жүк тасымалдаудың жылдық көлемі 15 миллион тоннаға жетуі мүмкін, ал тауарды соңғы тұтынушыларға жеткізу мерзімі 7 күнге дейін қысқарады. Сонымен қатар, заманауи транзиттік-логистикалық инфрақұрылым, қоймалар мен терминалдар құрылады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates