Өзбекстан Президенті Қытай делегациясын қабылдады

    Билік 13 May 2024 2440

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 13 мамыр күні Өзбекстан-Қытай үкіметаралық комитетінің кезекті отырысына қатысу үшін Өзбекстанға келген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесші Премьер-Министрінің орынбасары Лю Гочжун бастаған делегацияны қабылдады.

    Қытай делегациясының басшысы Өзбекстан басшысына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мен Мемлекеттік кеңестің Премьер-Министрі Ли Цянның шынайы сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

    Көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың және барлық жағдайда стратегиялық әріптестік қатынастарын тереңдетудің өзекті мәселелері талқыланды. Осы жылдың қаңтар айында Қытайға жоғары деңгейдегі сапардың қорытындысында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы сараланды.

    Комитет қызметі жемісті нәтиже беріп, сауда-саттық пен инвестиция көлемі ұдайы артып, тұрақты әуе рейстері көбейіп, мәдени шаралар белсенді түрде өтіп жатқаны айтылды.

    Сауда көрсеткіштерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету және Өзбекстан өнімдерін Қытай нарығына шығуы үшін қолайлы жағдай жасау, экономиканың стратегиялық секторларындағы маңызды инвестициялық жобаларды жеделдету, өңірлік ынтымақтастықты кеңейту, гуманитарлық, білім беру және туристік бағдарламаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолы құрылысы жобасының практикалық кезеңін тез арада бастауға қатысты аспектілер талқыланды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates