Өзбекстан Президенті «China National Building Materials» компанияының төрағасын қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қытайға жасаған ресми сапарының іскерлік бағдарламасы аясында Бейжің қаласында «China National Building Materials» (CNBM) компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжоу Юйсянмен кездесу өткізді.

    Қытайдың CNBM құрылыс материалдарын өндіру, жаңартылатын энергетика бағыттарын дамыту және инженерлік-техникалық шешімдерді ұсыну салаларында маманданған Қытайдың алпауыт корпорациясы. Бұл компания әлемдегі ең ірі өнеркәсіптік конгломераттардың бірі ретінде ТОП-500 тізіміне енген.

    Кездесу аясында компания тарапынан насос станцияларын жаңғырту, жел және күн электр станцияларын салу, энергияны сақтау жүйелерін құру,баламалы энергия көздері үшін қажетті құрамдас бөліктерді жергілікті деңгейде өндіру сынды келешегі зор жобаларды іске асыру мәселелерін қарастырды. Қытай компаниясының Өзбекстандағы өндірістік кәсіпорындардың энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына белсенді қатысуына назар аударды.

    Кездесу соңында қол жеткізген уағдаластықтарды тезірек жүзеге асыру мақсатында арнайы «жол картасын» әзірлеу және қабылдау тапсырылды.