Кездесуде осы жетекші қаржы институтымен стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету және ынтымақтастықты кеңейтудің практикалық қырлары талқыланды.

Банктің елімізбен ынтымақтастығы тұрақты стратегиялық сипатқа ие. Өзбекстан ЕҚДБ-ның өңірдегі ең ірі серіктесі болып келеді. Банктің инвестицияларының жалпы көлемі шамамен 7 миллиард АҚШ долларына жетті.

2025 жылы операциялар көлемі, соның ішінде жекеменшік секторға бағытталған қаржы мөлшері 1 миллиард АҚШ долларынан асты.

ЕҚДБ-ның «жасыл» энергетиканы дамытуға, көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, экологиялық бағдарламаларды іске асыруға, қаржы нарығын реформалауға және кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі жоғары бағаланды.

Осы жылға арналған ынтымақтастықтың басым бағыттары, атап айтқанда, жекеменшік сектор мен инфрақұрылымды дамыту, теміржол көлігін цифрлық трансформациялау және өзге де мәселелер айқындалды.

Сондай-ақ әйелдер мен жастарды заманауи кәсіптерге және бизнеске оқыту бағдарламаларын жалғастыруға айрықша назар аударылды.