Сапар барысында Өзбекстан басшысы Иран Президенті Ибрагим Раисимен шағын және кеңейтілген келіссөздер жүргізіп, елдің жоғары діни жетекшісі Сайед Әли Хаменеимен кездесті.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер соңында екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша маңызды үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар кешеніне қол қойылды.

«Мехрабад» халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Иран Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Аббас Алиабадий және басқа да ресми тұлғалар шығары салды. Президент Шавкат Мирзиёев Ташкентке қайтып оралды.