Өзбекстан Республикасының делегациясы Қосылмау қозғалысының 19-саммитіне қатысты

    Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Бахромжон Аълоев басшылығындағы делегация 2024 жылдың 19-20 январь күндері Уганданың Кампала қаласында өткен Қосылмау қозғалысының 19-саммитіне қатысты.

    Шараға 100-ден астам мемлекет делегациялары, сонымен қатар мемлекет, үкімет басшылары, сыртқы істер кеңселерінің басшылары және олардың орынбасарлары қатысты.

    Кездесуде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды, сондай-ақ жаһандық көлемде тыныштық пен тұрақтылық және әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуде Қозғалыстың бар әлеуетін пайдалану бойынша ұсыныстар қаралды.

    Өзбекстан делегациясы 2027-2029 жылдардағы Қосылмау қозғалысының төрағалығына Өзбекстанның кандидатурасын қолдап-қуаттағаны үшін Қозғалыстың барлық мүшелеріне алғысын білдірді және қатысушыларды Өзбекстанда қоғамның барлық салаларында жүзеге асырылып жатқан ауқымды және қарқынды реформалардың негізгі бағыттары туралы мәлімет берді.

    Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту, экономикалық және қаржылық жүйелерді жетілдіру, климаттың өзгеруімен күресу, қоршаған ортаны қорғау маңыздылығына ерекше назар аударылды. Ғылым-білім мен инновациялық технологиялар саласында өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды күшейту, жас ұрпақты қолдап-қуаттау қажет екені айтылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates