Сапар бағдарламасына сәйкес Будапешт қаласында Венгрия Президенті Каталина Новакпен кездесу және Премьер-Министр Виктор Орбанмен келіссөздер жоспарланған.

Бұл диалогтарда стратегиялық әріптестік қатынастарын одан әрі дамытудың және басым бағыттар бойынша көпжақты ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері қарастырылады.

Сондай-ақ халықаралық және өңірлік маңызы бар мәселелер бойынша пікір алмасылады.

Мемлекет басшысы Венгрияның жетекші компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.