Өзбекстан Республикасы Президенті құзырындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық мәжілісі өтті

    Инвестициялар 30 Avgust 2023 1115

    Үстіміздегі жылдың 29 августа «International Hotel Tashkent» қонақүйінде Өзбекстан Республикасы Президенті құзырындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) кезектегі Аралық мәжілісі өтті.

    Оған жетекші шетелдік инвестициялық компаниялардың, дипломатиялық миссиялар, министрліктер мен кеңселердің, халықаралық қаржы институттарының (ШИК-тің) жалпы 150-ден астам өкілдері қатысты.

    Шара аясында Өзбекстандағы инвестициялық қызметін жүзеге асырудың іс жүзіндік жақтары талқыланып, ШИК Жұмысшы топтың елімізде жұмыс істеп жатқан жетекші инветорлармен өткен кездеулердеайтылған мәселелер мен ұсыныстар қаралды. Сондай-ақ әлем базарында орын алып жатқан инвестициялық тенденциялар мен негізгі бағыттар талқыланды және Өзбекстанның бизнес-ортаны жақсартуға бағытталған кешенді іс-әрекеттер бағаланды.

    Шара барысында Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов, EТДБ-тің Өзбекстандағы өкілеттігінің басшысы Алкис Дракинос, Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC), PwC Uzbekistan өкілдері және тағы басқа да спикерлер сөз сөйледі.

    Өзінің құттықтау сөзінде Лазиз Кудратов Өзбекстан инвестициялық ортаны дәйекті түрде жақсартуға, жүйелі талдау нәтижелері негізінде инвесторлар үшін жаңа жеңілдіктер мен преференцияларды енгізуге, оларды мекендік қолдап-қуаттау іс-шараларын күшейту, қоғамда инвестор мен кәсіпкерлердің мүдделері жоғары деңгейде құрмет көрсетілетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бел байлағанын атап өтті. Көптеген дамушы елдерде инвестициялар тапшылығы артып жатқан кезде Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығы, инвестициялық орта мен озық сауда саясаты еліміз болашақ инвесторлар үшін тартымды бағыт ретіндегі мәртебесін одан әрі арттырды.

    Сонымен бірге, қатысушылардың назары Өзбекстанның инвестициялық заңдылығын қайта қарау, жекешелендіру үдерістерін жеделдету, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті ынталандыру және жасыл экономика бастамаларын ынталандыру бойынша белсенді іс-әрекеттерге аударылды.

    Сондай-ақ, Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болу істері жеделдегені және бұл да әлем стандарттары мен халықаралық ынтымақтастық этикасына беріктіктің белгісі екені айтылды. Өзбекстанның сыртқы саясатының ашықтығы және жеңілдіктердің белсенді түрде енгізілуі оның әртараптандырылған және тұрақты экономикалық тұжырымдаманы жүзеге асыратын ел ретінде танылуына үлес қосуда.

    Сессия барысында «Инвестициялар туралы» заңның іс жүзіндік жақтары, салық әкімшілігіндегі жақсы жаңалықтары, инвесторлармен жұмыс істеуге арналған «Бірыңғай электронды терезе» платформасын енгізу мәселелері талқыланып, «Ташкент» халықаралық қаржы орталығының жобасы ұсынылды.

    Шара соңында Өзбекстандағы инвестициялық ортаны жақсарту бойынша жүйелі ұсыныстарды қамтитын Инвесторлар кеңесінің Аралық мәжілісінің Хаттамасына қол қойылды. Сонымен қатар, ұлттық заңдылықты жетілдіруде техникалық және консультативтік көмек көрсетуге бағытталған Халықаралық қаржы корпорациясымен ынтымақтастық туралы Келісім қабылданды, деп хабарлайды Инвестициялар,өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.