Бүгін Украинадан 250-ге жуық өзбекстандық әкелінді

    2022 жылдың 15 мартында Польшаның Катовице әуежайы арқылы Украинадан 250 Өзбекстан азаматы, оның ішінде 43 әйел, 20 кәмелетке толмаған тұлға және 8 сәби әкелінді.

    28 февральдан 11 мартқа дейін елімізге 26 әуерейс ұйымдастырылды. Дипломатиялық өкілеттіктеріміздің белсенді іс-әрекеттерінің нәтижесінде соғыс аймағынан 5884-ке жуық жерлесіміз, оның ішінде 300 әйел, 700-ден астам 14 жасқа дейінгі балалар, 40 мүмкіндігі шектеулі азамат, сонымен қатар студенттер мен еңбек мигранттары эвакуацияланды.

    Өзбекстанның Украинадағы елшілігі (уақытша Львов қаласында орналасқан) елдің шалғай аумақтарында жүрген Өзбекстан азаматтарын эвакуациялау пункттеріне әкелуге көмектесуде.

    Өзбекстанның Польшадағы елшілігі құжаты жоқ 322 азаматқа елге оралу үшін сертификаттар ресімдеді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates