Бұл салтанатты шараға Олий Мажлис Сенатының төрайымы, Өзбекстан велосипед спорты федерациясының төрайымы Танзила Нарбаева да қатысты және жазғы Олимпиада ойындарының қатысушыларына сәттілік тіледі.
Жоғары нәтижелерге қол жеткізу жолында спортшыларымыздың бапкерлерімен бірге машақатты еңбек еткені, Олимпиада лицензиясы үшін тартысты өткен бәсекелерде ең мықты қарсыластарын жеңіп, нағыз спорт лидерлеріне айналғаны айтылды.
Өзбекстан делегациясының биылғы Олимпиада ойындарында да өз тарихында ең көп әйел спортшымен қатысуы айтылды. Бұл елімізде әйел-қыздар спортына ерекше көңіл бөлінуінің нәтижесі.
Сөз сөйлеген шара қатысушылары биылғы жазғы Олимпиада ойындарында да спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің туын көк аспанға желбіретіп, мемлекетіміздің әнұранын шырқалуына өз үлестерін қосатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.