Өзбекстан Республикасы ұсынған бұл резолюцияға 80-нен астам мүше елдер бірлескен авторлық жасады.

Құжат мәтінін келісу бойынша консультацияларда Ресей, Қытай Халық Республикасы, АҚШ, Түркия, Германия, Ұлыбритания, Еуропалық Одақ делегациясы, Жапония, Корея Республикасы, Египет, Бразилия, Аргентина сынды жетекші елдердің сарапшылары белсене қатысып, қарардың мазмұнын байытуға маңызды үлес қосты. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің өкілдері бұл қарардың ұсынылуы дер кезінде және өзекті екенін атап өтті.

Құжаттың негізгі мақсаты Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің 2023 жылдың қазан айында Самарқандта өткен БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы Бас ассамблеясының сессиясында туризм саласының жаңа проблемалар мен заманауи қауіп-қатерлерге қарсы тұрақтылығы мен икемділігіне қатысты айтқан пікірлеріне негізделген.

Мемлекет басшысы тарапынан туризмнің әртүрлі өркениеттердің бай мәдени мұрасын сақтауда, бейбітшілік пен толеранттылықты нығайтуда, халықтардың құндылықтарын құрметтеуде маңызды рөл атқаратыны туралы осы қаулыда қағидаттар қамтылған.

Құжатта экология, биоәртүрлілікті сақтау және атмосфераның ластануын азайту мақсатында «жасыл» туризмді дамытуға баса назар аударылған.

Резолюция 2027 жылды Халықаралық тұрақты және өміршең туризм жылы деп жариялау туралы шешім қабылдайды және БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымын үкіметтер, БҰҰ жүйесінің құрылымдары және аймақтық ұйымдармен бірлесіп, жылды табысты өткізу үшін кешенді шаралар қабылдауға шақырады.

Қаулыда тұрақты туризмді, оның ішінде, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, экономикалық өсу, толық жұмыспен қамту, ауылдық аумақтарды дамыту және ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға қызмет ететін экотуризмді дамытудың маңыздылығы атап өтілген.

Резолюция барлық мүдделі тараптарға кедейлікті жоюдың, әйелдер, жастар, қарттар және мүгедектердің қатысуын ынталандыру, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту, лайықты жұмыс орындары мен табыс көздерін құрудың маңызды құралы ретінде тұрақты және өміршең туризмді белсенді түрде насихаттауды ұсынады.

Құжатпен Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымына осы қарардың орындалу барысы туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының 83-сессиясында (2028 ж.) ақпарат беру, бұл ретте Халықаралық жылды өткізу дәрежесін бағалауға ерекше көңіл бөлу тапсырылды.

Сарапшылардың пікірінше, Өзбекстан ұсынған резолюция туризм индустриясының глобалды жағдайда жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашады.