Өзбекстан Сыртқы істер министрін Қырғызстан Президенті қабылдады

    Іссапармен Қырғызстанда жүрген Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовты бүгін, 31 июль күні осы елдің Президенті Садир Жапаров қабылдады.

    Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыттары, соның ішінде экономикалық, инвестициялық және мәдени салалардағы мәселелер талқыланды. Қамбар-Ата ГЭС-1 және «Қырғызстан-Қытай-Өзбекстан» темір жолының құрылысы сияқты бірлескен жобалар аясындағы өзара ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды, деп жазды Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

    Айтылуынша, Бахтиёр Саидов Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың сәлемі мен ізгі тілегін жеткізген.

    Өзбекстан Сыртқы істер министрі екі мемлекет басшылары тарапынан белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін растады.

    «Соңында Президент Садир Жапаров Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевке шынайы сәлемін жолдап, Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовқа жауапты мемлекеттік қызметінде табыс пен бақыт тіледі», - делінген хабарда.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates