Өзбекстан СІМ басшысы Германия Елшісін қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Бахтияр Саидов 2023 жылғы 12 январында Германия Федеративтік Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннермен кездесу өткізді.

    Онда Өзбекстан-Германия қарым-қатынастарын одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

    Жоғары деңгейдегі саяси диалог оң қарқынмен дамып келе жатқаны ризашылықпен атап өтілді.

    Тараптар екіжақты және көпжақты формаларда жоспарланған шаралардың ұйымдастырушылық және мазмұнды жақтары бойынша пікір алмасты.

    Өзбекстан мен Германияның сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сонымен қатар елдер арасындағы тауар айналымын әртараптандыруға және біріккен кәсіпорындар санын арттыруға мүдделі екені атап өтілді.

    Мәдениет, білім және ғылым салаларында Өзбекстан мен Германия ынтымақтастығын кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates