Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Жаңа Зеландияның жаңа елшісін қабылдады

    Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов бүгін Жаңа Зеландияның Елшісі Сара Мэри Уолшты қабылдады.

    « Жаңа Зеландияның Өзбекстандағы Елшісі болып тағайындалған Сара Уолш ханыммен кездесу және оның сенім грамотасын қабылдағанымызға қуаныштымыз», - деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің telegram-каналында. — Нәтижелі ынтымақтастық үшін инновациялық ауыл шаруашылығынан бастап жасыл энергетикаға дейінгі көптеген жаңа және болашағы зор салаларды үйрену арқылы елдеріміз арасындағы қашықтықты қысқарту жолдарын талқыладық. Елші ханымға екіжақты қарым-қатынасымыздағы үлкен әлеуетті жүзеге шығаруға бағытталған қызметіне табыс тілейміз».

    Айта кетейік, Сара Мэри Уолш Жаңа Зеландияның Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарған Йэн Александр Хилл (штап пәтері Мәскеу қаласында) орнына тағайындалды.

    Өзбекстан мен Жаңа Зеландия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 11 мартта орнатылған. Өзбекстан 2019 жылдың 1 февралынан бастап Жаңа Зеландия азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим енгізді. Биылғы жылдың соңғы 10 айында Өзбекстанға Жаңа Зеландиядан 736 саяхатшы келген.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates