Өзбекстан ауданында екі ірі кәсіпорын іске қосылады

    Бизнес 20 Yanvar 2022 1673

    Ферғана облысының Өзбекстан ауданында ірі тоқымашылық кәсіпорны жылдық қуаты 550 мың тонна болатын цемент зауыты іске қосылуда.

    Ауданның Базар Яйпан МАЖ-да «Bulut textile» жауапкершілігі шектеулі қоғам тарапынан тігін цехын, тұрмыстық қызмет көрсету және сауда орындарын құру жобасы жүзеге асырылуда.

    Кәсіпкердің 5 миллион доллардан астам қаржысына жүргізіліп жатқан құрылыстар аяқталғаннан кейін бірінші басқышта 130-дан астам жаңа жұмыс орнын ашуды, сондай-ақ дайын тігін бұйымдарын шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.

    Сондай-ақ, Кичик тагоб МАЖ аумағында «Shaffof Sement sanoat» жауапкершілігі шектеулі қоғамының жүзеге асырып жатқан цемент зауыты жобасы құрылыс істерінің соңғы басқыштары жүргізілуде. Бұл жобаның құны 25 миллион долларды құрап, бастапқы қаражат, банк несиелері және шетел инвестициясы есебінен жылына 550 мың тонна өнім өндіру жолға қойылмақ. Жоба 2022 жылдың 2 -тоқсанында іске қосылып, 310 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Ферғана облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates