Өзбекстанның туризм әлеуеті Түркияда көрсетілді

    Өзбекстан —Түркия елдері арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңес жиналыс аясында Өзбекстан-Түркия экономикалық, инвестициялық және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен болашақтары» тақырыбындағы конференция өтті.

    Конференцияның ашылуында Өзбекстан Республикасы Туризм комитеті төрағасының бірінші орынбасары Жамшид Абдусаломов сөз сөйлеп, Өзбекстан мен Түркия арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық екі бауырлас мемлекеттің экономикалық байланыстарды дамытудың маңызды бағыттарының бірі екендігі, туризм саласында болашағы зор жобаларды бірге жүзеге асыру, сондай-ақ, білім беру, ІТ, инвестиция және тағы басқа бағыттарда ынтымақтастықты кеңейту, Өзбекстанға түрік саяхатшыларын тарту үшін республикада барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

    Сонымен қатар, конференция қатысушыларына еліміздегі туризм саласында жасалып жатқан мүмкіндіктер, жүзеге асырылып жатқан реформалар мен қол жеткізіп жатқан жетістіктер, еліміздің туристік әлеуеті туралы толыққанды ақпарат берілді.

    Өзбекстан мен Түркияның туристік индустриясын дамытуға, туристер ағыны мен жергілікті тұрғындардың табысын арттыруға, сондай-ақ екі ел арасындағы аумақтараралық ынтымақтастыққа бағытталған бірқатар жобалар бойынша туризм саласының түрлі бағыттарында іс жүзіндік нәтижелерге қол жеткізуге болатынына сенім білдірілді.

    Конференция соңында еліміздің туристік әлеуетіне қатысты тұсаукесер мен бейнеролик көрсетілді, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates