Ұлыбританияда Өзбекстанның туристік әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттау жеделдетіледі

    Еліміздің Ұлыбританиядағы дипломатиялық өкілеттігінің басшысы Равшан Усманов Өзбекстанның туризм брендінің елшісі Софи Ибботсонмен кездесті.

    Диалог кезінде Ұлыбританиялық туристік компаниялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Өзбекстанның туризм әлеуетіне арналған іс-шараларды ұйымдастыру, 2024 жылы Ұлыбританияның саяхатшылық саласын жариялауға мамандандырылған бұқаралық ақпарат құралдарында еліміздің туризм әлеуетіна арналған мақалаларды жариялауды жалғастыру, және үстіміздегі жылдың 8-9 июнь күндері Өзбекстанның мәдениеті мен ұлттық тағамдарының фестивалін өткізу сияқты мәселелер талқыланды.

    Софи Ибботсон Ұлыбритания бұхаралық ақпарат құралдарының еліміздің туризм әлеуетін қалың жұртшылыққа таныстырудағы маңыздылығына тоқталып, биыл ұйымдастырылатын прес-турларды Өзбекстан туризм комитетімен бірлесіп жеделдету қажет екенін атап өтті.

    Келіссөздер нәтижесінде, 2024 жылы ұлыбританиялық атақты тұлғалардың, сонымен қатар «Travel Photographer of the Year» журналының негізін қалаушы Крис Коу, Британия империясы орденінің иегері Жаонна Ламлидің елімізге сапарынұйымдастыру және сентябрь айында Ұлыбритания мұражайында Өзбекстан экспонаттары қойылатын “Жібек жолы” көрмесін кеңінен насихаттау туралы келісімге қол жеткізілді деп хабарлайды «Дунё» АА.

    2019 жылдың апрель айында Софи Ибботсон Өзбекстанның Ұлыбританиядағы туризм брендінің елшісі ретінде тағайындалған. Онымен бірлесіп «The Telegraph», «Financial Times», «Times», «Wanderlust», «The Guardian» сынды жетекші басылымдарда Өзбекстанның туризм әлеуетіне арналған бірқатар мақалалар жарияланған.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates