Шавкат Мирзияев БАӘ делегациясын қабылдады

    Билік 15 Iyun 2021 3023

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 15 маусымда Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметтік жұмыстар бойынша министрі Мұхаммед бен Абдулла әл-Гаргави бастаған делегацияны қабылдады.

    Кездесу барысында Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру нәтижесінде екі ел арасындағы өзара тиімді және жемісті ынтымақтастықтың қазіргі деңгейіне жоғары баға берді.

    Өз кезегінде Мухаммад әл-Гаргави БАӘ Президенті шейх Халифа Әл Нахаянның, Абу-Даби Әмірлігінің мұрагер ханзадасы, БАӘ Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мухаммад Әл Нахаянның және БАӘ Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің губернаторы шейх Мұхаммед әл-Мактумның құттықтаулары мен ізгі тілектерін жеткізді.

    Сұхбатта, баламалы энергияны дамыту және энергетикалық нысандарды жаңарту, заманауи агроөнеркәсіптік кластерлер құру, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша инвестициялық компания құру және бірқатар маңызды әлеуметтік бағдарламалар бойынша жобалар жүзеге асырылып жатқандығы айтылды.

    Мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және білікті мамандарды даярлау және Ташкентте ашылған әлеуметтік-экономикалық реформаларды үдеткіш кеңсесін ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру маңызды екендігі айтылды.

    Министр Мұхаммед әл-Гаргави Өзбекстандағы БАӘ инвесторларына көрсетілген жан-жақты қолдау үшін, сондай-ақ Өзбекстанның «Дубай Экспо-2021» көрмесіне қатысуға және қолдауға дайын екендігі үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.

    Сонымен қатар, БАӘ тарапы Өзбекстан Президентінің Арал өңірінде экологиялық инновациялар мен технологиялар аймағын құру бастамасын жүзеге асыру аясында жаңа жобалық ұсыныс білдірді.

    Кездесу соңында БАӘ-нің озық тәжірибелерін мемлекеттік басқаруға кеңінен енгізуге, ұзақ мерзімді жаңарту бағдарламасын қалыптастыру және инновациялық даму жолына көшуге бағытталған бірлескен «жол картасын» қабылдау туралы келісімге қол жеткізілді.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates