«Өзбекстан бүкіл әлем бойынша серіктестерінің санын кеңейтуге тырысуда», - деп жазды Өзбекстан сыртқы істер министрі өзінің telegram-каналында. – Бүгін біз Багама Аралдары Достастығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық. Әріптесім, Багама Аралдары Достастығы Сыртқы істер министрі Фредерик А.Митчелл мырзамен біз елдеріміздің арасындағы алыс қашықтыққа қарамастан, тиімді қарым-қатынас орнату үшін көптеген маңызды мүмкіндіктер бар екенін айттық.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Бас штаб-пәтерінде Өзбекстан мен Того сыртқы істер министрлері дипломатиялық қарым-қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойған болатын, деп хабарлайды «Дунё» AA.