Өзбекстан мен Германия Президенттері көп қырлы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

    Билік 14 Mart 2022 5019

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 14 наурызда Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен телефон арқылы сөйлесті.

    Онда, Өзбекстан мен Германия арасындағы көп қырлы қарым-қатынасты одан әрі нығайту және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.

    Әңгіме басында Мемлекет басшылары бір-бірін екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтап, шынайы тілектерін білдірді.

    Осынау тарихи кезеңде екіжақты қарым-қатынастарды дамыту, өзара сенім мен серіктестіктің берік іргетасын құру бағытында бірлесе орасан зор жұмыстар атқарылғаны атап өтілді.

    Сондай-ақ басшылар Өзбекстан мен Германия арасындағы практикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылап, тұрақты саяси диалог пен түрлі деңгейдегі белсенді байланыстарды қолдаудың маңыздылығын сөз етті.

    Германияның жетекші компанияларымен және банктерімен сауда, инвестиция, жоғары технологиялар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда бірлескен ынтымақтастық жобаларын ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

    Қаржылық-техникалық көмек пен мәдени-гуманитарлық алмасуды, ең алдымен, Өзбекстанда неміс тілін тереңдетіп оқыту саласында кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.

    Президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Украина төңірегіндегі жағдай бойынша пікір алмасты. Жағдайдың шиеленісуіне жол бермеу және шиеленісті тезірек шешу үшін саяси және дипломатиялық күш-жігерді жалғастыру керектігі баса айтылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates