Кездесуде екі ел арасындағы достық байланысты одан әрі нығайту, стратегиялық серіктестікті тереңдету және парламентаралық диалогты кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Атап өтілгендей, соңғы жылдары екіжақты экономикалық ынтымақтастық  қарқынды дамып келеді, инфрақұрылым, өнеркәсіп және инновация салаларында  800 миллион АҚШ долларын құрайтын ірі инвестициялық жобалар бірлесіп жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ жоғары оқу орындары арасында 32 бірлескен жоба жүзеге асырылып жатқаны, өткен жылы Испаниядан Өзбекстанға 23,6 мың турист келгені айтылды.

Парламентаралық диалог өзбек-испан қарым-қатынастарының маңызды негізі болатыны айтылыпі, тиісті ұсыныстар ортаға салынды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

Екі ел парламенттерінің тиісті комитеттері мен комиссиялары делегацияларының қатысуымен заң шығару саласында тұрақты түрде пікір мен тәжірибе алмасуды жүзеге асыру, парламентаралық ынтымақтастықтың бірлескен жоспарларын әзірлеу, Жастар парламентін дамыту бойынша тәжірбе алмасу, ауыл шаруашылығын, суды үнемдеу технологияларын пайдалануда ынтымақтастық жасау осылар қатарында.