Өзбекстан мен Моңғолия Президенттері екі елдің іскер топ өкілдерімен кездесу өткізді

    Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух екі елдің іскер топ өкілдерімен кездесу өткізді.

    Шараға Моңғолияның MCS Investment, Mongol Basalt, Tavan Bogd Group, Asia Pharma, Khanbogd Cashmere, Erdenezoo Trans, ICT Group, ORDGEO, LBH Technology, NCD Group, Mega Wood, Modern Nomads сынды жетекші компанияларының жетекшілері қатысты.

    Өзбекстаннан Basalt Uzbekistan, BMB Holding, New Way Industries, Panayev Farms, Ezel Central Asia, Azia Metall Prof, «Жызақ жүн», Procab және басқа да жеке компаниялар қатысты.

    Айта кету керек, іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған осындай форматтағы кездесу Моңғолиямен алғаш рет өтті.

    Өзбекстан Президенті моңғолиялық жетекші кәсіпкерлер мен олардың өзбекстандық әріптестерін жылы лебізімен құттықтап, Моңғолия Президентінің Өзбекстанға тұңғыш мемлекеттік сапары екіжақты ынтымақтастық тарихында үлкен мәнге ие екенін тағы бір мәрте атап өтті.

    – Бұл Сіздің Өзбекстанмен сауда-экономикалық қарым-қатынас орнатуға және нығайтуға деген жігеріңізді және ерекше көңіл бөлгеніңізді тағы бір рет растайды, – деді Мемлекет басшысы.

    Мәнді де сындарлы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың барлық аспектілері жан-жақты қарастырылып, қолда бар резервтер талданып, өсудің жаңа нүктелері анықталғаны айтылды.

    – Біз қолда бар әлеует пен мүмкіндікті дерлік пайдаланбай жақтанымызды айттық. Осыған орай, таяу жылдары өзара сауданы, ең алдымен халық тұтынатын тауарлардың номенклатурасы мен көлемін кеңейту арқылы еселеу міндетін қойып отырмыз, – деді Өзбекстан Президенті.

    Бұл – Моңғолияға азық-түлік, тыңайтқыштар, дәрі-дәрмек, тұрмыстық техника, пластмасса және резеңке, құрылыс материалдары, дайын тоқыма және аяқ киім экспорты, сондай-ақ Өзбекстанға ет және ет өнімдері, тері, жүн және басқа да дайын өнімдерді импорттау.

    Тез арада Моңғолия мен Өзбекстанда сауда үйлерін ашып, екі елдің астаналарында өндірістік көрмелер өткізу жоспарланған.

    Жеңілдікті сауда келісімдері мен нарыққа қол жеткізуді жеңілдету бойынша ұсыныстар дайындауға келісілді.

    Мемлекет басшысы моңғолиялық компаниялармен өндірістік кооперацияны дамытуға ерекше назар аударды.

    Екі елдің экономикасы бірін-бірі тиімді толықтыра алатын салаларында орта мерзімді ынтымақтастық бағдарламасын қабылдау туралы келісімге қол жеткізілгені атап өтілді.

    Бұл, ең алдымен, геологиялық барлау, бай шикізат қорын пайдалану және өңдеу салаларында ынтымақтастық орнатуды қамтиды.

    Осы стратегиялық саладағы алғашқы ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар дайындалады.

    Өзбекстан сондай-ақ Моңғолиямен ауыл шаруашылығы және соған жақын салаларда жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Қарақалпақстан, Наманган облысы және басқа облыстарда мал шаруашылығы кешендерін құру жоспары қолдау тапты.

    Сонымен қатар, Моңғолиядан мал, ет және оны қайта өңдеу өнімдерін импорттауға, сондай-ақ тоқыма және дайын ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға өзара мүдделік білдіріліді.

    Осы бағыттағы ынтымақтастық аясында «Халал» стандартына сәйкес ет өнімдерін өндіру

    бойынша бірлескен кластерлер, жүн мен теріні терең өңдеу негізінде жоғары қосылған құны бар өнім өндіру жолға қойылады.

    Тараптар жеке кәсіпкерлік бастамаларды белсенді қолдауға дайын екендіктерін растады.

    Осыған орай, іскер топтар ұсынған жаңа бизнес-идеялар, соның ішінде Ташкентте диагностикалық орталық ашу, базальт өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, цифрландыру, фармацевтика және басқа да салалардағы жобалар қолдау тапты.

    Өнеркәсіптік кооперация жобаларын қолдау мақсатында жыл соңына дейін инвестицияларды өзара қорғау және салық салу қағидаттары бойынша негізгі келісімдер қабылданады.

    Көшбасшылар бірлескен Іскерлік кеңестің құрылуын құптады. Жақын арада жаңа бастамаларды дамыту үшін оның алғашқы отырысын өткізу көзделген.

    Сапар барысында әуе және халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімдерге қол қойылды, өз кезегінде бұл екі ел арасында тікелей әуе қатынасын орнатуға және іскерлік алмасуды жандандыруға берік негіз жасайды.

    Көлік министрлеріне жүк тасымалдау құнын төмендету бойынша ұсыныстар дайындау тапсырылды.

    Мемлекет басшысы Өзбекстанда экономиканы инновациялық дамыту, заңның үстемдігін және жеке меншіктің құпиялылығын қамтамасыз ету, кәсіпкерлерді қолдау және ДСҰ-ға кіру үдерісін жандандыруға бағытталған ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын ерекше атап өтті.

    Президент Шавкат Мирзиёев моңғолиялық кәсіпкерлерге елімізде олар үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екенін айтты.

    Өз кезегінде Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух қол жеткізілген келісімдерге және Өзбекстандағы инвесторлар мен кәсіпкерлерге жасалып жатқан жағдайларға жоғары баға беріп, бизнес өкілдерін белсенді ынтымақтастыққа, жаңа жобалар бойынша нақты келісімдерге келуге шақырды.

    Пікір алмасу барысында Моңғолия кәсіпкерлері Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформалардың практикалық маңыздылығын және елде жасалған қолайлы инвестициялық және бизнес ортаны жоғары бағалады.

    Экономиканың басым салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар айтылды.


    No date selected
    June 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates