Сұхбат барысында Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуы және қақтығыстардың аймақтық тұрақтылық пен бейбітшілікке елеулі қауіп төндіріп отырғаны атап өтілді. Қасиетті Рамазан айында мұсылман үмбетінің арасында алауыздықты күшейтетін орынсыз әрекеттерге байланысты алаңдаушылық білдірілді.

Мемлекеттердің егемендігіне, тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген іс-әрекеттерді дереу тоқтату аймақ елдерінің ортақ мүдделеріне сай келетіні айтылды.

Сондай-ақ Өзбекстан басшысы Қатарда жүрген отандастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды Отанына қайтару жөнінде қабылданып жатқан шаралар мен жасалған жағдай үшін Жоғары Мәртебелі Әмірге шынайы алғыс білдірді.

Өз кезегінде Қатар Әмірі қазіргі сын-қатерлі кезеңде достық рухтағы сұхбат, тұрақты қолдау, білдірілген шынайы ынтымақ сөздері және екіжақты стратегиялық серіктестік қатынастарды дамытуға көрсеткен қолдауы үшін Өзбекстан Президентіне айрықша ризашылығын жеткізді.