Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов Қырғызстанда жұмыс сапарымен болып тұр.
Өзбекстан мен Қырғызстанның өзбек-қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері жөніндегі бірлескен жиналысының мәлімдемесіне Өзбекстан мен Қырғызстанның үкіметтік делегациялары қол қойды, деп хабарлайды Қырғызстан Министрлер Кабинетінің баспасөз қызметі.
Бұл мәлімдеме Өзбекстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелері бойынша жаңа келісім жобасын келісу тәртібін бастауға мүмкіндік береді.
Құжатқа Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Қырғызстан тарапынан — Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы, Қырғызстан Республикасы Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Камчибек Ташиев қол қойды.