Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов Қырғызстанда жұмыс сапарымен  болып тұр.

Өзбекстан мен Қырғызстанның өзбек-қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері жөніндегі бірлескен жиналысының мәлімдемесіне Өзбекстан мен Қырғызстанның үкіметтік делегациялары қол қойды, деп хабарлайды Қырғызстан Министрлер Кабинетінің баспасөз қызметі.

Бұл мәлімдеме Өзбекстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелері бойынша жаңа келісім жобасын келісу тәртібін бастауға мүмкіндік береді.

Құжатқа Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Қырғызстан тарапынан — Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы, Қырғызстан Республикасы Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Камчибек Ташиев қол қойды.