Кездесуде, ең алдымен саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика, су-энергетика, туризм және гуманитарлық салалардағы көпқырлы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Өзбекстан мен Қырғызстан  көпқырлы қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге өзара ниетті екенін білдірді.

Екіжақты сауда көрсеткіштерінің айтарлықтай өсуі байқалды. Атап айтқанда, соңғы 5 жылда Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 5 есеге өсіп, 2021 жылы 950 миллион долларға жеткен. Бүгінде екіжақты тауар айналымын 2 миллиард долларға жеткізу үшін қажетті жағдайлардың жасалғаны, осыған байланысты екі елдің іскер топтары арасындағы байланысты нығайту жұмыстарын жандандыру қажеттілігі айтылды.

Инвестициялық салада да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Осы орайда тараптар екі ел арасындағы инвестициялық қарым-қатынастарды кеңейтуге ұйытқы болуды көздейтін Өзбек-Қырғыз Даму қорының ресми ашылуын қолдады.

Қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер бойынша пікір алысты, бірлескен жобалар мен бастамаларды алға тартуды жеделдету, туындаған мәселелерді шешу мақсатында үкіметаралық және кеңсеаралық ынтымақтастықты одан әрі жандандыру бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.

Кездесу соңында талқыланған бағыттар бойынша қарым-қатынастарды одан әрі дамытуда біргелікте іс-әрекеттерді жандандыру, қолданыстағы келісімдерді сапалы әрі уақтылы орындауға келісілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.