Өзбекстан мен Қырғызстан өзара көпжақты ынтымақтастықты кеңейтеді

    Үстіміздегі жылдың 24 январында Бішкек қаласында Өзбекстан Республикасының инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов Қырғызстан Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Бахит Торобоев және Экономика және сауда министрі Даниёр Амангелдиевпен кездесті.

    Өзбекстан үкіметі делегациясының сапары аясында өткен кездесуде өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері тараптардың басты назарында болды.

    Қырғызстан Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Бахит Торобоевпен сұхбат кезінде Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М.Мирзияевтың Қырғызстан Республикасына алдағы мемлекеттік сапарының маңыздылығы атап өтілді. Сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдету мен кеңейтуге күшті түрткі береді деп күтілуде.

    Өзбекстан мен Қырғызстанның іскер топтары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізуге дайындық барысы қаралды. Тараптар форум барысында қол қою жоспарланған инвестициялық келісімдер мен сауда келісім-шарттарының тізімін синхрондады. Химия және тоқымашылық өнеркәсібі, машинажасау, фармацевтика, былғары аяқ киім өндірісі, құрылыс материалдары, электротехника, сондай-ақ энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика және туризм сияқты салалар ынтымақтастықтың басты бағытары етіп белгіленді.

    Екі ел арасындағы өзара тауар айналымының көлемі тұрақты түрде артып келе жатқаны атап өтілді. Соңғы 6 жылда екіжақты тауар айналымы 8 есе өсіп, 2022 жылы 1,3 миллиард долларға жетті. Жақын арада бұл көрсеткішті 2 миллиард долларға жеткізу үшін бірқатар нақты іс жүзіндік шараларды қабылдауға дайын екендігі білдірілді.

    Қырғызстан Республикасының Экономика және сауда министрі Дониёр Амангелдиевпен кездесуде коммерциялық автомобильдер мен жеңіл автокөліктер жасауды ұйымдастыру, жіп иіру және тоқымашылық кәсіпорындарын салу және кеңейту, құрылыс материалдары өндір бойынша ірі біріккен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

    Кәсіпкерлерге тиісті келісім-шарттар мен келісімдер жасауға көмектесу бойынша келісімге қол жеткізілді.

    Тараптар, сондай-ақ аыл шаруашылығы саласында, яғни екі ел аумақтарында интенсивті бақтарды және жоғары технологиялық жылыжайларды құруға бағытталған инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға келісті. Осы мақсатта біріккен жобаларды жүзеге асыруда орындарды, сондай-ақ, екі елдің жеке кәсіпорындары арқылы бастамашылар бір апта мерзімде белгіленеді.

    Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол құрылысының жобасын дайындау мәселесі бөлек қаралды. Жобаның әрбір кезеңін жүзеге асырудың нақты мерзімдері көрсетілген «Жол картасына» қол қою туралы келісімге қол жеткізілді.

    Қамбарата ГЭС-1 құрылысы жобасын іске асыру барысы қаралып, энергетика саласындағы біріккен жобаларды жүзеге асыру болашақтары талқыланды. Тиісті құжаттарды қабылдауды жеделдету және жобаның техникалық-экономикалық негізін әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.

    Кездесулер соңында тараптар талқыланған жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруды жеделдету мақсатында алдағы ынтымақтастық форматы туралы келісті, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.