Кездесу аясында екі ел делегацияларының қатысуымен Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастарды дәйекті түрде нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер талқыланатын болады.
Сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік және логистика, энергетика, ауыл және су шаруашылығы салаларындағы нақты ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ өңіраралық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық алмасуды жалғастыру басты назарда болады.
Айта кетейік, осындай екіжақты бейресми кездесу өткен жылдың сәуір айының басында Хива қаласында өткен еді.