Өзбекстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті

    Билік 7 Oktabr 2021 2802

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 7 қазанда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

    Әңгімелесу басында Мемлекет басшысы Ресей басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақ-береке және зор табыс, достас Ресей халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

    Президент Владимир Путиннің қазіргі заманауи Ресейді құрудағы тарихи рөлі мен оның Өзбекстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан жеке үлесі атап өтілді.

    Сұхбат барысында екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері қаралып, ынтымақтастық барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқаны айтылды. Өзбекстан мен Ресейдің жетекші кәсіпорындары мен банктері арасындағы жаңа жобаларды іске асыруды қосқанда, екіжақты сауда-өндірістік кооперация көлемі үнемі өсіп келуде. Сонымен қатар «Спутник V» вакцинасын бірлесе өндіру процесі іске қосылды.

    Бұжан бөлек, белсенді мәдени-гуманитарлық алмасулар жалғасуда: өткен аптада қайта жанданған Ташкент кинофестивалі аясында Ресей киносының күндері сәтті өтті. Ерекше атап өтер жағдай, С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының алғашқы шетелдік филиалы Ташкентте ашылды. Осы күндері Ташкентте Ресейде білім алуға арналған көрме өтті.

    Президенттер келесі айда өтетін Ресей Федерациясына жоғары деңгейдегі мемлекеттік сапарға дайындық мәселелерін талқылады және халықаралық саясат пен аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates