Бұл туралы "Дунё" АА хабарлады.
Құжатқа екі ел үкіметтері атынан Өзбекстанның БҰҰдағы тұрақты өкілі Улугбек Лапасов пен Сент-Люсияның БҰҰдағы тұрақты өкілі Менисса Рамбали қол қойды.
Тараптар халықаралық ұйымдар, сонымен қатар БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелері аясында бірлескен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзара мүдделі бағыттарын табу үшін екіжақты байланыстарды жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Құжатқа қол қою Өзбекстанның Кариб теңізі елдерімен өзара ынтымақтастығын жандандыру жолындағы маңызды қадам болды. Осылайша, Кариб теңізінің шығысында орналасқан Сент-Люсия аралы мемлекеті Өзбекстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 163-ші ел болды.








