Өзбекстан мен Швейцария арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негіздері одан әрі нығайтылады

    Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінде Келісімшарт-құқықтық басқармасының басшысы Амир Султанов пен Швейцария елшісі Константин Оболенский арасындағы кездесуі өтті.

    Диалог кезінде Өзбекстан мен Швейцария арасында әзірленіп жатқан екіжақты құжаттар, сондай-ақ алдағы жоғары деңгейдегі сапарлар аясында қол қоюға болатын келісімдер туралы өзара пікір алмасылды.

    Тараптар оларды қарауды жеделдетуге келісті.

    Кездесуде, Өзбекстан-Швейцария ынтымақтастығының келісімшарттық-құқықтық базасын жетілдіру мақсатында климаттың өзгеруі, «жасыл» энергетика, туризм, ауыл шаруашылығы, сертификаттау, құқықтық көмек, «ақылды қаланы» басқаруы, жасанды интеллект сияқты болашағы зор салаларда екіжақты халықаралық келісім мен құжаттарды әзірлеу және қол қою мәселелері де тақыланды, деп хабарлайды «Дунё» АА.