“Дунё“ AA хабарлауынша, екі ел үкіметтері атынан құжатқа Өзбекстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Улуғбек Лапасов пен Сомалидің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Абукар Дахир Усман қол қойды.
Тараптар халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ мен оның мамандандырылған институттары аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін растады.
Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзара мидделі бағыттарын табу мақсатында екіжақты қарым-қатынастарды жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Ақпарат үшін, Сомали Федеративтік Республикасы Өзбекстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 157-ші елге айналды.