Мемлекет басшылары Өзбекстан – Тәжікстан арасындағы достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен одақтық қатынастарды одан әрі кеңейтуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Өзара сауданы арттыру үшін үйлестірілген іс-шаралар жүргізу, сондай-ақ өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да басым салалардағы кооперациялық жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

Белсенді мәдени-гуманитарлық алмасулар мен тиімді өңіраралық байланыстарды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, Орталық Азияда аймақтық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасылды.