Өзбекстан мен Түркия Президенттері телефон арқылы сөйлесті

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 24 шілде күні Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

    Сұхбат басында Түркия басшысы Мемлекет басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған мықты денсаулық және бақыт, ал бауырлас Өзбекстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

    Әңгіме барысында Өзбекстан мен Түркия арасындағы кең ауқымды стратегиялық әріптестік пен көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланды.

    Мемлекетаралық қарым-қатынастардың жоғары деңгейге жеткені атап өтілді. Барлық деңгейде тиімді диалогтар жалғасып, тауар және жүк айналымы, инвестициялар көлемі артып, бірлескен кәсіпорындар саны мен әуе қатынастары көбейіп келеді. Сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық іс-шаралар да табысты өтіп жатыр.

    Өзбекстан мен Түркия Президенттері телефон арқылы әңгіме барысында Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алдағы кезекті отырысына жан-жақты және мұқият дайындық жүргізуге ерекше назар аударды.

    Сонымен қатар, тараптар өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасты.