Өзбекстан мен Түркия білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпек

    Үстіміздегі жылдың 24 январында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков Түркия Республикасы Жоғары білім беру Кеңесінің төрағасы Э.Узвар басшылығындағы аталмыш Кеңестің басшылығы өкілдерінен құралған делегацияны қабылдады.

    Кездесуге сондай-ақ Түркия Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі О.Бекар, Түркия Республикасы Сауда министрлігінің өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында жоғары білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Түркияның жетекші оқу орындарының қатысуымен Өзбекстанда Өзбек-Түрік университетін ашуды жеделдету іс-шаралары қаралды. Келісімге 2020 жылдың август айында Өзбекстан үкіметі делегациясының Анкараға сапары кезінде қол жеткізілген болатын. Тараптар осы бағыттағы кезектегі шараларды белгілеп, бар мәселелер жөнінде жақын арада шешім қабылдайды.

    Білім беру саласындағы басқа да жетістіктер атап өтілді. Атап айтсақ, Түрік Экономика және технология университетінің Ташкенттегі филиалы мен Бұхара Мемлекеттік институты қасында құрылған Түркия медицина ғылымдары университетінің факультеті нәтижелі жұмыс істеуде.

    Екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге өзара дайын екені білдіріліп, осыған байланысты Түркияның жетекші білім мекемелерінің Өзбекстан аймақтарында инженерлік, өнер, медицина, ауыл шаруашылығы және туризм салаларында жетекші түрік оқу орындарының жаңа филиалдарын ашу мүмкіндіктері қарастырылды. Сондай-ақ профессор-оқытушылар, зерттеушілер және студенттер алмасу саласындағы ынтымақтастықты тереңдету болашағы талқыланды.

    Осы орайда ғылыми-зерттеушілердің біліктілігін жетілдіру және студенттердің білімі мен дағдысы дәрежесін арттыру, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындары арасында баяндамалар, іс жүзіндік жаттығулар, интербелсенді семинар-тренингтер ұйымдастыру бойынша келісімдерге қол жеткізді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates