Кездесу барысында Түркіменстан басшысы Мемлекет басшысына Түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің шынайы сәлемін жеткізді.
Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік қатынастарын одан әрі дамыту және нығайту мәселелері талқыланды.
Сауда айналымы өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,1 миллиард доллардан асқаны айтылды.
Өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл және су шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобалар табысты жүзеге асырылуда. «Шовот – Ташауыз» шекара маңы сауда аймағы бірлесіп құрылуда. Өңіраралық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық алмасу аясындағы шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Алдағы жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер мен көпжақты іс-шараларға дайындық, сондай-ақ ауқымды серіктестік бойынша бірлескен жобаларды ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.