Өзбекстан мен Қытай арасында туризм саласында бизнес-форум өтті

    Ағымдағы жылдың 18 июнінде Самарқант қаласында Қытай Халық Республикасының туризм секторы өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізілді.

    Бұл форум Өзбекстанның туристік әлеуетін Қытайда насихаттау және Өзбекстан-Қытай туризм индустриясы өкілдерінің арасындағы іскерлік қарым-қатынастарды нығайтуға арналды.

    Бизнес-форумға Өзбекстан мен Қытайдың туризм секторының 200-ге жуық өкілі, оның ішінде 16 июнінде Сиань қаласынан Самарқантқа «Loong Air» әуе компаниясының алғашқы рейсімен ұшқан сала өкілдері де қатысты.

    «Үстіміздегі жылдың сентябрь айынан бастап Қытайдағы «Өзбекстанның туризм жылына» старт береміз. Бір жыл бойы біз қытайлық туристерді Өзбекстанның туризмімен, бай мәдениетімен, мұрасымен және құндылықтарымен таныстырамыз. Жалпы, Қытайдан келетін туристер санын кезең-кезеңімен 1 миллионға жеткізуді мақсат етіп отырмыз», - деді Туризм комитетінің төрағасы Умид Шадиев.

    Өзбекстан мен Қытай тараптарының өкілдері арасында B2B форматындағы кездесулері өтті, онда қатысушылар туризм индустриясының қазіргі жағдайын талқылады, Өзбекстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін зерттеді, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates