Атап айтқанда, Одақтың мүдделері БҰҰ-да, ЮНЕСКО-да, Халықаралық жеке меншік құқық бойынша Гаага Конференциясында, Еуропа комиссиясы мен Еуропа Парламентте, Еуропа Кеңесінде, УНИДРУА және тағы басқа да көптеген халықаралық ұйымдарда көрінісін табуда.

ХНО-да түрлі комиссиялар мен жұмысшы топтары қызмет көрсетуде.

Олардың ішіндегі ең беделді ХНО қызметінде маңызды орын иелейтін комиссиялардың бірі — Халықаралық нотариалды ынтымақтастық комиссиясы саналады (International Notarial Co-operation Commission).

Оның негізгі міндеті – шет мемлекеттердің нотариат жүйелерін XНО мүшелігіне қабылдау, мүшелігін тоқтату және мүшеліктен шығу мәселелерін  қарастыру, олармен халықаралық байланыстар орнату және дамыту, оның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға көмектесу.

Бұл Комиссияның құрамы жалпы 15 мүшеден тұрады, оның 7-уі ХНО тарапынан тағайындалатын Комиссия төрағасы, оның к(мекшісі мен хатшыларын құраса, қалған 8-і ХНО-ның 91 мүшесі мемлекеттер өкілдері арасынан сайланады.

Өзбекстан осы беделді комиссияның құрамынан орын алды.

Комиссияның 8 мүшесінің бірі болып Өзбекстан өкілі сайланды.

Өзбекстан Нотариалды палатасы 2020 жылдың 22 январында құрылған. Ол 2021 жылдың 3 декабрь күні Халықаралық Нотариустар Одағына 91-ші мүшесі болып қабылданды.

Өзбекстан нотариаты жас болуына қарамай Халықаралық нотариустар Одағының қызметіне белсене қатысып, өз үлесін қосуда, барлық мүше мемлекеттер мен Халықаралық нотариустар одағы басшылығына танылуда.

Өзбекстан нотариаттың ХНО-ның ең беделді комиссиясы – Халықаралық нотариаттық ынтымақтастық комиссиясына сайлануы оның дәлелі десек, артық айтқандық емес.