Өзбекстан-Венгрия: Жаңа бизнес келісімшарттары

    Бизнес 4 Oktabr 2022 1665

    2022 жылдың 3 октябрьде Венгрия астанасы Будапешт қаласында Венгрия-Өзбекстан бизнес форумы өтті. Шара Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың Венгрияға ресми сапары аясында Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі мен Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігімен ынтымақтастығында ұйымдастырылды.

    Бизнес-форумға екі елдің ресми құрылымдары: министрліктер, кеңселер, сауда-өнеркәсіп палаталары, қауымдастықтар, агенттіктер мен банктер, ірі компаниялар қатысты. Шараға Өзбекстанның түрлі сала және тармақ өкілдерінен құралған делегация құрамында «Узчармсаноат» ұйымының басшылығы мен ұйымға мүше кәсіпорындар онлайн режимде қатысты.

    Бизнес-форум барысында «Неге Өзбекстанға инвестиция салу керек?», «Exim Hungary– Венгрияның экспорттық несиелік агенттігі» және басқа да тақырыптарда тұсаукесерелр өткізілді. Бизнес-форум аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.

    Форум барысында B2B келіссөздер жүргізілді. Осылайша «Узчармсаноат» ұйымының басшылығы Венгрия кәсіпорындарымен бірқатар нәтижелі кездесулер өткізді. «Mattai» компаниясымен диалог барысында былғары-аяқ киім өнеркәсібінде қолданылатын технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ компания өкілдері Өзбекстаннан дайын былғары әкелуге, аутсорсинг пен франчайзинг негізінде дайын өнім шығаруды ұйымдастыруға қызығушылық танытты.

    Біздің «Sitonni» ұлттық брендіміз Венгрияның «Apollo Cipoipari» компаниясымен брент аяқ киімді өндіру бойынша аутсорсинг және франчайзинг келісімдерінде өнім өндіру бойынша келісімге қол қойды. Жобаның жалпы құны 1,6 миллион долларды құрайды. Венгриялық “Tisza Cipo” мен Өзбекстанның “Classica Shoes International” компаниялары (KFK) арасында аяқ киімнің үстіңгі бөлігін шығаруды ұйымдастыру бойынша құны 800 мың доллар болатын жоба туралы келісім жасалды.

    Сондай-ақ «Andras Gladinetz» Өзбекстаннан арнайы аяқ киім сатып алуға да қызығушылық танытты.

    Октябрь айында Ташкентте өтетін «UzCharmExpo-2022» халықаралық көрмесінде екі елдің кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастығының кейінгі болашағы егжей-тегжейлі талқыланады, деп хабарлайды «Узчармсаноат» ұйымының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates