Сіздерді, көпұлтты Өзбекстан халқын жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын.
Әлемдегі күрделі жағдайларға қарамастан, өткен жыл еліміз үшін берекелі де сәтті жыл болды. Бұл үшін қанша шүкір айтсақ та, жарасады.
Еңбекқор халқымыздың ерен еңбегі мен саяси-әлеуметтік белсенділігінің арқасында «Жаңа Өзбекстан» идеясы шынайы шындыққа айналып келеді.
Олий Мажлис пен жергілікті кеңестерге өткен сайлаулар демократиялық реформалардың жаңа кезеңіне қадам басқанымызды тағы бір мәрте дәлелдеді.
Елімізде жоғары технологиялық жаңа өндіріс кешендері, инфрақұрылым мен логистика желілері, автокөлік және теміржолдар салынды. Бизнес, IT және туризм салалары жүйелі түрде дамып келеді. Халықтың табысы мен өмір сүру сапасы артуда.
Жердің берекесін тер төгіп, ризыққа айналдырған диқандарымыз бен фермерлеріміз, сондай-ақ кластерлеріміздің еңбекқор қызметкерлері қажырлы еңбектің арқасында молшылық пен берекеге толы өнім жинады.
Жаңа үйлер, балабақшалар мен мектептер, жоғары оқу орындары, мәдениет және спорт нысандары бой көтеріп жатыр. Еліміз барған сайын көркейіп, гүлденуде. Мыңдаған отандастарымыз Жаңа жылды жаңа үйлерінде қарсы алып отыр.
Білімді және жігерлі жастарымыз үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. Әсіресе, Олимпиада және Паралимпиада ойындарындарының рекордтық нәтижелері ұлттық спорт тарихында жаңа парақша ашты.
Азаматтық қоғам институттары, атап айтқанда, махалла рөлінің және ықпалының артуда. Рухани өрлеу үдерістері өмірімізде жаңа күшке айналып келеді.
Жаһандық маңызы бар бастамаларымыз әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау табуда. Халықаралық аренада Өзбекстанның бәсекеге қабілетті ел, сенімді серіктес ретіндегі беделі артып отыр.
Мұның бәрі еліміздегі тұрақтылықтың, достық пен бірліктің нәтижесі.
Бүгінгі салтанатты кеште сіздерге, ардақты халқымызға адал еңбектеріңіз бен туған жерге деген шынайы ықыластарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын.
Құрметті достар!
Біз 2025 жылды елімізде Қоршаған ортаны қорғау және «жасыл экономика» жылы деп атадық. Басты мақсатымыз – адам мен табиғаттың тепе-теңдігіне негізделген жүйе құру.
Жаңа жылда бизнес үшін кең мүмкіндіктер жасалады. Жеке меншік құқығын қорғау, шетелдік инвестицияларды белсенді тарту жұмыстары жалғасады.
Әлеуметтік салаларға, жалақы, зейнетақы, шәкіртақы және жәрдемақылар мөлшерін арттыруға ерекше назар аударылады.
Балаларымыздың заманауи білім мен кәсіби дағдыларды меңгерген, жан-жақты дамыған азамат болып өсуі үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Ғылым, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және өнер, спорт салаларына деген қолдау күшейе түседі.
Құрметті ардагерлерімізге, қыз-келіншектер мен жастарға қамқорлық жасау, әлеуметтік қорғау тиімділігін арттыру басты міндетіміз болып қала береді.
Қарулы күштеріміздің әлеуетін нығайту, әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін қолдауды жаңа деңгейге көтереміз.
Қысқаша айтқанда, «Адам қадірі үшін, адам бақыты үшін!» деген асыл мақсатымызды бірге жүзеге асырамыз.
Ардақты да, қадіргі отандастар!
Баршаңызды, шетелдердегі отандастарымызды, шетелдік серіктестер мен достарымызды бүгінгі құтты мерекемен тағы да шын жүректен құттықтаймын.
Жаңа жыл әрбір жанға, әрбір отбасыға және туған жерімізге үлкен жетістіктер мен сәттіліктер әкелсін!
Барлық ізгі ниеттеріміз орындалсын!
Жаңа жыл баршамызға құтты болсын!
Шавкат Мирзиеев,
Өзбекстан Республикасының Президенті.