Өзбекстанда аэротакси қызметі мен VIP такси енгізілуі мүмкін

    Сонымен қатар, елімізде бизнес авиация саласында 200-ден астам жоғары білікті жұмыс орындары ашылады.

    Мемлекет басшысының Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында Транспорт министрлігі мен БАӘ-нің беделді JETEX компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

    Транспорт министрі Илхом Махкамовпен және JETEX компаниясының негізін қалаушы Адель Мардинимен өткізілген кездесуде қол қойылған осы меморандум еліміздің азаматтық авиациясы саласында жаңа болашағы зор жобаларды жүзеге асыруға негіз жасайды.

    Атап айтқанда, JETEX компаниясы Ташкент-Шарқий әуежайында FBO түріндегі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде VIP және CIP кленттерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырады.

    Осы жоба аясында шағын авиация саласында жөндеу, сату және сақтау қызметтері жолға қойылады. Аэротакси қызметі мен VIP такси енгізіледі. Бұл өз кезегінде туризм саласының дамуына оң әсерін тигізіп, VIP клиенттерге қолайлылық туғызады.

    Жолаушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсететін бұл жобаның сәтті жүзеге асуы елордамыздың беделі мен тартымдылығын одан әрі арттыра түспек.

    Сонымен қатар, елімізде іскерлік авиация саласында 200-ден астам жоғары білікті жұмыс орындары ашылады. Бір сөзбен айтқанда, JETEX компаниясының озық тәжірибесіне сүйене отырып, біздің елімізде іскерлік авиацияның сенімді және тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.

    Еске сала кетейік, Jetex компаниясы 2005 жылы құрылған және 5 континентте 30 бизнес-қауымдастықтары бар жаһандық желіні құрған. Ол Таяу Шығыс, Еуропа, Азия-Тынық мұхиты, Африка және Американы қоса алғанда, дүние жүзіндегі 50-ден астам жерде тәулік бойы тұтынушыларға қызмет көрсетеді.

    FBO (Fixed Base Operator) – әуежайларда әуе кемелері мен жолаушыларға кешенді қызмет көрсетуші, атап айтқанда, әуе кемелеріне жанар-жағармай құю, автотұрақ, ангар қоймасы, техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтері, әуе кемелерін жалға алу, чартерлік сату, такси және тағы басқа да көптеген қызметтерді көрсететін ұйым.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates