Піскем су қоймасының бөгетінің биіктігі 200 метрді құрайды. ГЭС құрылысы жобасы аясында жалпы құны 799,6 миллион долларлық инвестицияны игеру жоспарлануда.
Қуаты 400 МВт Піскем ГЭСі іске қосылғанда, ол жылына 950 миллион кВт/сағатына электр энергиясын өндіретін болады.
Жаңа ГЭС-тің 2026 жылы іске қосылуы жылына 250 миллион текше метр табиғи газды үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Чистая энергия/Sof Energiya» журналы.