Фестиваль аясында лаванда гүлі мен иісінен даярланған өнімдер көрмесі, папайа, банан, годжи, киви, зайтүнзарлардан құралған саламаттық бағы бойлап экосаяхат, медицина туризмі мен мамандардың шығулары, концерт әрі шоу бағдарламалары болып өтуде.

Елімізде бұдан былай эко, агро және медициналық туризмге кең жол ашылып әрі ішкі, шетелдік саяхатшылар үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жаратылуда. Үшкөпірік ауданындағы “Мехригие” шағын кәсіпорын да бұл жаңа жобаға ат салысуда. Дәрілік өсімдіктер жетістіруде және өндіруге маманданған аталмыш кәсіпорын жүзден астам шипалы өсімдікті дайындауда.
2018 жылы Өзбекста туризм объектілері тізіміне енгізілген. Қазірде 25 гектар жерде лаванда, годжи, папайа, мушмула, кофе, киви, банан сияқты цитрустық жемістерден бастап, емдік қасиеті бар өсімдіктер, түрлі дәрілік өсімдіктер өсірілуде. Лаванда — өте пайдалы өсімдік. Медицина мен парфюмерияда кеңінен қолданады, суы, гүлі мен майынан пайдаланып, экспорттауға болады.

Қатысушылар лаванда бағының қайталанбас сұлулығын тамашалап, арнайы рецепт негізінде даярланған лаванда тағамдары, балмұздақ және салқын ішімдіктерін ішіп көру, лавандазардағы фотосессияларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Фестивальға еліміздің түрлі аумақтарынан қонақтар, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Малайзия сияқты мемлекеттерден туристер, инфлюенсерлер, фотосессияшылар мен модельдер, өнерпаздар, журналистер мен блогерлер келуде.
