2024 жылғы 1 июльдегі жағдайына мемлекетіміз тұрғыны 37,2 миллион адамды құрайды, соның ішінде 15 миллион 089 мың адам (41 пайыз) экономикалық белсенді, яғни еңбек етуге дайын адамдар саналады.
Оның ішінде 14 миллион 213 мың адам (94 пайызы) экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейді.
Атап айтқанда:
ресми секторда – 6,8 миллион (48 пайыз);
бейресми секторда – 5,5 миллион (38,8 пайыз);
шетелде жұмыс істейтіндер – 1,9 миллион (13,6 пайыз).
Бүгінгі таңда республика бойынша 876 мың адам жұмысқа орналасуға мұқтаж тұрғын (жыл басында 1 024 мың, -148 мың) бар.
Жұмыс істеуге қабілетті тұрғындар арасында жұмыссыздық деңгейі жыл басымен салыстырғанда 1 пайыздық пунктке немесе 6,8 пайыздан 5,8 пайызға төмендеді.