Кембағалдықты қысқарту және жұмыспен қамту министрлігінің мәліметінше, Өзбекстандағы кембағалдық деңгейі 2024 жылы 11 пайыздан 8,9 пайызға дейін төмендеген (2023 жылмен салыстырғанда 3,3 миллион адамға немесе 719 мың адамға азайған).
Бұл нәтиже Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүргізілген зерттеулер негізінде анықталды.
Кембағалдық деңгейінің төмендеуі:
— Бұхара облысында — 11,8 пайыздан 8,7 пайызға дейін;
— Самарқант облысында — 10,5 пайыздан 7,5 пайызға дейін;
— Наманган облысында — 10,4 пайыздан 7,6 пайызға дейін;
— Қарақалпақстан Республикасында — 13,6 пайыздан 10,8 пайызға дейін екені айтылды.
2024 жылы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, кәсіпкерлікке тарту, тамарқа және диқаншылыққа бөлінген жер телімдерін пайдалану тиімділігін арттыру бойынша қабылданған шаралар елдегі кембағалдық деңгейінің төмендеуіне әкелді.
Соның нəтижесінде 2024 жылы халықтың нақты табысы 10,7 пайызға артып, орта есеппен жан басына шаққанда 2,1 миллион сумға жетті (жыл басында – 1,7 миллион сум).
Атап айтқанда, халықтың табысына мыналар жатады:
— жалақы – 42,6 пайыз (2023 жылы – 41,9 пайыз);
— кәсіпкерліктен түскен табыс – 22,9 пайыз (21,4 пайыз);
— зейнетақы, әлеуметтік көмек және субсидиялар – 18,2 пайыз (18,9 пайыз);
— ауыл шаруашылығы мен тамарқадан түскен табыстар – 10,7 пайыз (9,8 пайыз);
— шетелден ақша аударымдары – 2,0 пайыз (3,1 пайыз);
- басқа да табыстар – 3,6 пайыз (4,9 пайыз).
Халықтың жалақыдан табысы 2023 жылмен салыстырғанда 12,9 пайызға өсті.