Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамтуды арттыру жөнінде таныстырылымға қатысты

    Билік 10 May 2023 7274

    10 мамырда президент Шавкат Мирзиёев кедейлікті азайту және халықты жұмыспен қамтуды арттыру шараларының таныстырылымына қатысты.

    Әкімшілік реформалар аясында осы салаларға жауапты министрлік құрылып, барлық құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері құрылды. Өзбекстанда алғаш рет ең төменгі тұтыну шығындарының құны енгізілді.

    Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында отбасылық кәсіпкерлікке 15 триллион сум жеңілдетілген несие мен субсидиялар, егін шаруашылығына 200 мың гектар жер бөлінді. Осы кезеңде 300 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілері құрылып, 20 мың кәсіпорынның қызметі кеңейтілді. Өткен жылы 1 миллион адам кедейлік деңгейінен шығарылды.

    Жуырда ғана қабылданған Конституцияда кедейлікті азайтуға бойынша міндеттеме мемлекет жүктелді.

    Сондықтан жиында жұмысты жаңа кезеңге шығару шаралары талқыланды. Ең алдымен Кедейлікпен күрес және жұмыспен қамту министрлігі аймақтарда жаңаша жұмыс істеуі керектігі айтылды.

    Құзыретті кәсіпкерлерді қолдау, оларды жаңа жұмыс орындарын ашуға ынталандыру мәселесі қаралды. Ол үшін олармен білікті жұмысшыларды оқыту туралы келісім-шарт жасалады. Яғни, кәсіпорындарда көптеген «практикалық моноцентрлер» ұйымдастырылады. Мемлекет қажетті қаражатты бөлумен қатар инфрақұрылымдық, несиелік, салықтық және басқа да мәселелер бойынша жеңілдіктер жасайды. Ал кәсіпкер күн көрісі төмен халықты тиімді жұмыспен қамтамасыз етеді.

    Шенеуніктерге бұл жүйені барлық аудан, қалаларға енгізу тапсырылды.

    Кедейлікті азайту бойынша Қытайдың тәжірибесі ерекше екені белгілі. Жақында Өзбекстан делегациясы осыны зерттеп, жаңа көзқарастарды әзірлеу үшін Қытайға барып қайтты. Ол жақтан мамандар Кедейлікті азайту және жұмыспен қамту министрлігіне алынды.

    Енді Қытай тәжірибесіне сүйене отырып, әр облыста бір ауданды кедейліктен шығарудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Бұл ретте кедейлік деңгейі жоғары аудандарда жол-көлік, электр, байланыс және туризм инфрақұрылымын жақсартуға, шағын және орта қалаларды дамытуға, махалланы өндіріс ошағына айналдыруға назар аударылатын болады.

    Премьер-Министр орынбасарына бұл үшін қажетті инфрақұрылым мәселесін шешу тапсырылды.

    Биылғы жылы отбасылық бизнеске 13 триллион сум несие және 1,5 триллион сум субсидия бөлінуде. Сондай-ақ кедейлікті азайту және жұмыспен қамту үшін субсидиялардың 37 түрі қарастырылған. Бірақ оларды бөліну шарттары отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, жобаның өзін-өзі ақтайтын мерзіміне қарамастан, барлығына бірдей дерлік. Сондықтан несие мен субсидияны әрбір күн көрісі төмен отбасына жеке көзқарас негізінде беру ұсынылды.

    Кедейлікті азайту және жұмыспен қамту министрлігін халыққа қызмет ететін жүйеге айналдыру, тікелей махалланың өзінде 100-ден астам әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берілді.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates